Ссылки доступа

ФСБ құқық қорғаушы Бахром Хамроевты ұстады


29 қыркүйекте таңертең Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің сарбаздары «Мемориал» құқық қорғау орталығының белсендісі, «Ёрдам» («Жәрдем») ұйымының жетекшісі Бахром Хамроевты өз үйінен алып кеткен. Бұл жөнінде құқық қорғаушының әйелі хабарлады.

«Мемориал» мен «Азаматтық жәрдем» арнайы қызметтен Хамроевты ұстау себебін түсіндіруін талап етеді. Таңертең 30 қыркүйекте ФСБ-ның Бахром Хамроевты босатқаны мәлім болды. Алайда Мәскеудегі дереккөздердің хабарлауынша, арнайы қызмет құқық қорғаушыға үйіне тінту жүргізген кезде тәркілеген жеке компьютерін, әдебиеттер мен құжаттарын қайтармаған.

Мәскеудегі «Азаматтық жәрдем» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Светлана Ганнушкинаның сөздерінше, Бахром Хамроевты қандай айыппен ұстағаны әлі белгісіз.

– ФСБ қызметкерлері үйін тінту себебін түсіндірмеген. Одан тек «Хизб-ут-Тахрирді» не үшін қорғайсың деп сұраған. Осы кезде телефон әңгімеміз үзіліп кетті. Әзірге онымен байланысудың реті келмей тұр, – деді Светлана Ганнушкина 29 қыркүйекте.

Еске сала кетейік, Бахром Хамроев Ресейде 1992 жылдан бастап құқық қорғау қызметімен айналысады. Соңғы жылдары ол діни себеппен айыпталған адамдарды қорғап келген. Мұнан бөлек Бахром Хамроев соңғы жылдары Ресейде Орталық Азия елдерінің еңбек мигранттарына мәселелерін шешуге көмектескен.

XS
SM
MD
LG