Ссылки доступа

Қазақстанда «тұтқынды зорлады» деген айыпталушы тоғыз жылға сотталды


Алматы тергеу изоляторының бұрынғы қызметкері Руслан Хакимов түрмедегі тұтқын Наталья Слекишинаны зорлады деген іс бойынша кінәлі деп танылып тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы соты бұл жазадан басқа дүние-мүлкін толық тәркілеп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өткізсін деген шешім шығарды.

Түркісіб аудандық сотының судьясы Айсара Жылқыбаеваның үкіміне сәйкес, Руслан Хакимов майор атағынан айырылады және өмір бойы қандай да бір мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Пуслан Хакимов жұмыс істеген Алматы қаласындағы ЛА 155/18 абақтысында сотталушы Наталья Слекишина жүкті болы, қыз босанады. Слекишинаның сөздерінше, түрмеде өзін топтап зорлаған. Экспертиза нәтижесі сәбидің әкесі Руслан Хакимов екені анықталған. Слекишина өзін зорлады деп айыптаған тергеу абақтысының өзге үш қызметкері сотқа куәгер ретінде тартылды. Тергеу ісі оларға тағылған айып дәлелденбеді дейді.

Наталья Слекишинаның өзі сот шешіміне қанағаттанатынын жеткізді. Бірақ қалғандарының да жауапқа тартылуы үшін күресемін дейді.

XS
SM
MD
LG