Ссылки доступа

Нью-Джерсидегі поезд апатынан бір адам көз жұмып, жүзден астам жолаушы жараланды


АҚШ-тан келген ақпарат бойынша, Нью-Джерсидегі темір жол станциясында болған апат кезінде бір адам қайтыс болып, жүзден астам жолаушы жараланған.

Куәгерлердің сөздерінше, Нью-Йорктен келе жатқан жолаушылар поезы жылдамдықты азайтпай, тежеуші буферден өтіп, Хобокен қаласы вокзалының ғимаратына кіріп кеткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат кезінде поезда 250 жолаушы болған.

XS
SM
MD
LG