Ссылки доступа

Обама мен Меркель Алепподағы "варварлық" бомбалауды айыптады


АҚШ пен Германия ресейлік және сириялық авиацияның Алеппо қаласына жасап жатқан әуе шабуылдарын «варварлық» деп айыптады. Бұл жөнінде бейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеген. Әуе шабуылдарынан бейбіт тұрғындар қайтыс болып жатыр.

Сирия үкіметі мен оның одақтасы Ресей «Сириядағы соғыстың тоқтауы үшін жауапкершілікті алады», - делінген мәлімдемеде. Екі елдің лидерлері бітімді қамтамасыз етуде және БҰҰ-ның гуманитарлық мекемелерінің қоршалған қалалардағы тұрғындарға жәрдем жеткізуде негізгі жауапкершілік Мәскеу мен Дамаскіде деп атап өтті.

АҚШ және ГФР жетекшілері Украинадағы жағдайды да көтерді. Барак Обама Франция мен Германияның Норманд тобында Минск келісімінің орындалуына күш салуын қолдады.

Обама мен Меркель жанжалға қатысы бар барлық тараптарды соғысты тоқтату жөніндегі талаптарды орындауға шақырып, қысқа мерзімде халықаралық бақылаушыларды шиеленіс аймағына жіберуді талап етті.

XS
SM
MD
LG