Ссылки доступа

Ресей СІМ шетелдегі азаматтарын Сириядағы соғыс үшін «қаһардан» сақ болуға шақырды


Ресейдің сыртқы істер министрлігі Сириядағы Алеппоны бомбалап жатқандары үшін шетелде жүрген азаматтарына 30 қыркүйекте исламшылар кегінен сақ болуын ескертті.

Ресейдің СІМ сайтында жарияланған мәлімдемеде, «бір топ ұйымдар, оның ішінде ислам ұйымдары да бар, жұма күні Алепподағы соғысқа қарсы «Ашу мен наразылықтың бүкіләлемдік күнін» өткізуге шақырған.

РФ СІМ Ресейде экстремистер шабуылдар жасауы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Олар азаматтарын «ашу мен наразылық» өтуі мүмкін жерлерге бармауды ескертті.

Бас пәтері Қатарда орналасқан «Мұсылман ғалымдарының халықаралық одағы» ұйымы жұма күні Алеппоға ынтымақтастық таныту ниетінде «Ашу күнін» өткізуге үндеген.

Бітім келісімі тоқтағаннан кейін 19 қыркүйекте Алеппоны бомбалау қайта басталды. Сирия үкіметі Ресейдің қолдауымен оппозиция бақылайтын қаланың шығыс бөлігін бомбалап жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бір аптаның ішінде әуе шабуылдарынан 250 адам қайтыс болып, жүздем астамы жараланған.

XS
SM
MD
LG