Ссылки доступа

Тәжікстанда антитеррорлық түсіндіру жұмыстарын өзбек тілінде өткізе бастады


Экстремизм идеясының кең таралып жатқанына алаңдаған тәжік билігі өзбек халқы тұратын аймақтарда түсіндіру жұмыстарын өз ана тілдерінде жүргізуді шешкен.

Билік экстремизм мен терроризмді және Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының құрамына кіруінің қандай салдары болатыны жөнінде түсіндіру жұмыстарын өзбек тілінде жүргізу тиімді болады деп үміттенеді.

Атап айтқанда Душанбеден 220 шақырым қашықтықтағы Кубодиён ауданындағы өзбек жастарына жүргізуді жөн көрген. Ресми мәліметке қарағанда, осы ауданның Навбахор қышлағында тұратын 13 өзбек Сирияға аттанған.

Таяу Шығыста ИМ-ның құрамында Кубодиённың 74 тұрғыны бар, олардың 9-ы әйел және кәмелетке толмаған балалар. Тәжікстанда олардың бәріне қылмыстық іс қозғап, іздеу жарияланған. Кубодиённан кеткен содырлардың дені де өзбек ұлтынан екендігі айтылады.

Осыған дейін түсіндіру жұмыстары тек тәжік тілінде жүргізіліп келген. Терроризмге қарсы үгіт жұмыстарын негізінен жергілікті әкімдер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, діни қызметкерлер, жастар мен әйелдер комитеті жүргізеді.

XS
SM
MD
LG