Ссылки доступа

Түркияда оппозициялық дін уағыздаушы Гүленнің бауырын қамауға алды


Түркияда оппозициялық дін уағыздаушы Фетхуллах Гүленнің бауыры қамауға алынды. Анкара Гүленді шілдедегі әскери төңкерісті ұйымдастырды деп айыптап отыр. Оның бауыры Кутбеттин Гүлен бүлікке қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады жексенбі күні Anadolu ақпарат агенттігі.

Фетхуллах Гүлен Құрама Штаттарда тұрады. Түркия дін уағыздаушыны елге қайтаруын бірнеше мәрте Вашингтоннан сұрады. Гүлен болса кінәсі тәуелсіз сотпен дәлелденген жағдайда ғана елге оралатынын мәлімдеді.

Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпыныс 16 шілдеде түнде тіркелді. Билік бүлікті басты. Бүлік кезінде 240-тан астам адам қаза тапты. Анкара тергеу барысында он мыңнан астам адамды ұстады.

XS
SM
MD
LG