Ссылки доступа

Тәжікстанда депутаттар бірінші рет ант берді


Тәжікстан парламентінің 63 депутаты бүгін жеке қызығушылықтарынан бас тартып, ұлт мүддесі үшін заңдарды талқылап, оны қабылдауды міндетімізге аламыз деген мазмұнда ант берді.

Намояндагон мәжілісінің төрағасы аталған мәтінді оқып, ант берген бірінші депутат болды. Ант беру рәсімі парламенттің төменгі палатасының үшінші сессиясының ашылуы кезінде өтті.

Әрбір депутат ұлт мүддесі үшін Конституция және Тәжікстанның өзге де заңдары негізінде жұмыс істеп, барлық күш-жігерлерін елдің әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін жұмсауға міндеттеріне алады.

Намояндагон мәжілісі депутаттарының ант беру рәсімі бірінші рет өтіп жатыр. Халық өкілдері бұл жауапкершілікті күшейтеді дейді. Төменгі палатаның депутаты Киёмиддин Миралиён барлық мұсылмандар анттың не екенін түсінеді, сезінеді дейді.

Парламент депутаттарының ант беруі Тәжікстан конституциясында көрсетілген. Жаңадан енгізілген бұл өзгерістерге қатысты Тәжікстан үкіметі де президент атына адал жұмыс істеуге ант береді.

XS
SM
MD
LG