Ссылки доступа

Тәлібтер Құндызға басып кірді, ауған қаласында шайқас жүріп жатыр


Ауғанстанның Құндыз қаласында үкіметтің әскері мен «Тәлибан» қозғалысы содырларының арасында қарқынды күрес жүріп жатыр деп хабарлайды France-Press ақпарат агенттігі. Жергілікті полицияның командирі Шира Али Камалдың сөздерінше, содырлар дүйсенбіге қараған түні қаланың бірнеше нүктелеріне басып кірген.

"Біз бар күшімізді содырларды кері шегіндіріп тастауға жұмылдырып жатырмыз" деді Камал.

France Press агенттігінің тілшісі де "Талибан" жасақтары мен үкімет күштері арасында кескілескен ұрыс жүріп жатқанын" хабарлады.

Reuters тілшісі қалада "Калашников" автоматы, пулемет, гранатометпен қаруланған "Талибан" жасақтарын көргенін хабарлады. Қала үстінен Ауғанстан армиясының екі әскери тікұшағы ұшып жүргені байқалады.

"Талибан" жасақтары Құндызды бір жыл бұрын да басып алып, бір аптадай уақыт қана ұстап тұрған. БҰҰ мәліметіне қарағанда, ол кезде 289 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған. Содан бері "Талибан" Құндызға бірнеше рет шабуылдап, биыл сәуірде қаланы басып алу қаупін тудырған.

"Талибан" мұның алдында Ауғанстанның бірнеше аймағында, оның ішінде оңтүстігіндегі Гильменд уәлаяты мен оның орталығы Лашкаргах қаласына шабуылдаған.

XS
SM
MD
LG