Ссылки доступа

Адам құқығын қорғаушылар Өзбекстанның жаңа билігімен диалогқа дайын


ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткен жиынында халықаралық және жергілікті адам құқығын қорғаушылар Өзбекстанның жаңа билігімен диалог жүргізу туралы бастама көтерді. Бірақ Өзбекстанның ресми делегацисы бұл ұсынысты елеусіз қалдырды.

Айта кетерлік жайт, Варшавадағы адам құқығын қорғау жиынына Өзбекстан делегациясы алғаш рет қатысып отыр. Адам құқығын қорғаушылар өзбек билігін бұрыннан бері елде реформа жүргізіп, адам құқығы саласында диалог бастауға шақырып келеді.

Адам құқығын қорғаушы Мутабар Тәжібаеваның айтуынша, сарапшылар өзбек билігімен диалогты Варшавада бастағысы келген, бірақ өзбек үкіметінің өкілдері оны жауапсыз қалдырған.

Өзбекстанда билік ауысқалы бері кадр саласында өзгерістер болып, бұған дейін сахнаға шығуға тыйым салынған әншілерге шығармашылықпен айналысуға рұқсат берілді. Бірақ елдің жаңа билігі республикадағы адам құқығы мәселесіне әлі көңіл бөлген жоқ.

XS
SM
MD
LG