Ссылки доступа

Әзімжан Асқаровтың ісі бойынша сот 4 қазанда басталады


Қырғызстанның Шу облыстық соты Әзімжан Асқаровтың ісін 4 қазанда қарай бастайды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Асқаров Базар-Қорған ауданында адам құқықын қорғау қызметімен айналысты. 2010 жылғы маусым оқиғаларынан соң ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, милиция қызметкерін өлтіруге қатысты деген күдікпен ұсталды.

Соттың барлық инстанциялары оны өмірлік түрме жазасына кесті.

2016 жылы сәуірде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті қырғыз билігін Асқаровқа тағылған айыптарды жойып, оны босатуға шақырды.

12 шілдеді Жоғарғы сот істі Шу облысына қайта қарауға жолдады. Сот процесі кезінде Асқаров қамауда отырады.

XS
SM
MD
LG