Ссылки доступа

Түркиядағы төтенше жағдай жүйесі тағы үш айға созылды


Түркия вице-премьерінің айтуынша, билік елдегі төтенше жағдай жүйесін тағы үш айға созу туралы шешім қабылдады. Төтенше жағдай биыл шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасау талпынысынан соң енгізілген болатын.

Үкімет отырысынан соң журналистердің сауалдарына жауап берген вице-премьер Нуман Куртулмуштың хабарлауынша, төтенше жағдай жүйесін созу 19 қазанда күшіне енеді.

Мұндай жүйе Түркияда алғаш рет 20 шілде - әскери бүліктен бес күннен соң жарияланды. Шілдедегі бүлік кезінде кем дегенде 270 адам қаза тапты.

Түркия билігі елдегі төңкерісті дін уағыздаушы Фетхуллах Гүлен ұйымдастырды деп отыр. Гүленнің өзі біраздан бері АҚШ-та тұрады. Оппозициялық қайраткер бұл айыптауларды жоққа шығарды. Бүліктен соң елде 32 мыңға жуық адам тұтқындалып, мыңдаған адам бүлікке қатысы бар деген күдікпен жұмыстан шығарылды.

XS
SM
MD
LG