Ссылки доступа

Өзбекстанда әскери қызмет келісім-шарты 5 жылға ұзартылды


Өзбекстан заңдарына 23 қыркүйектен бастап келісім-шарт бойынша әскери қызметті өтеудің жаңа мерзімі белгіленді. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.

Заңдарға енгізілген өзгерістерге сәйкес, әскери қызметтің негізгі шарттары келісімде көрсетіледі. Сарбазбен алғашқы келісім-шарт бірден бес жылға жасалынады.

Осыған дейін қатардағы сержантпен келісім-шарт үш жылға жасалған. Ал офицерлер бес жылға дейін әскери қызметін өтейтін.

XS
SM
MD
LG