Ссылки доступа

Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі басшысы Тәжікстанға барды


Тәжікстанның Қауіпсіздік кеңесі басшысы Абдурахим Каххаров Душанбеде ресейлік әріптесі Николай Патрушевпен терроризм және экстремизммен күрес мәселесін талқылады.

Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесі өкілінің сөздерінше, кездесу барысында Ауғанстандағы қауіпті аймақтарда терроризмге қарсы қорғанысты күшейту мәселесі қаралған.

Бұл Қауіпсіздік кеңесі басшыларының соңғы үш айдағы үшінші кездесулері. Осының алдында маусым айында Мәскеуде бас қосқан.

Ол кезде тараптар Орталық Азиядағы жағдай, Ауғанстан аумағынан келетін террорлық қауіп, ресей-тәжік қарым-қатынасы бойынша әскери-техникалық мәселелер талқыланған. Жаңа кездесу Ауғанстанның солтүстігінде Құндыз шаһарына тәлібтердің қайта шабуылдауы жағдайы аясында өтіп жатыр.

Николай Патрушев сонымен бірге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен және қорғаныс министрі Шерали Мирзомен келіссөздер жүргізеді.

XS
SM
MD
LG