Ссылки доступа

Ташкентте "президент трассасындағы" блоктарды алып тастай бастады


Ташкент қаласында Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімов кортежі жүретін көшелерге қойылған блоктарды алып тастап жатыр. Жұмыстар Мустакиллик даңғылы мен оған қиылысатын бірнеше көшеде жүргізіле бастады.

Осы аудандарға жақын маңда президент резиденциясы орналасқан. Көшелердің "қауіпсіздік мақсатында" жабылуы тұрғындар мен автокөлік иелеріне ыңғайсыздық туғызып келді. Көшедегі осындай блоктар "президент трассасымен" түйісетін басқа да жолдарға қойылған.

Жолдардың ашылуы жергілікті тұрғындарға үйден жұмысқа дейінгі ара қашықтықты бірнеше шақырымға қысқартады.

Бұған қоса, өзбек астанасында Мустакиллик даңғылы мен Аққорған көшелерінің қиылысындағы қозғалысты ашу жұмыстары жүргізіле бастады. Өткен жылы тамызда мұнда қарама-қарсы жол жабылған еді.

XS
SM
MD
LG