Ссылки доступа

Тәжікстан банк секторының реформасы үшін 100 млн доллар алады


Еуропалық қайта құру және даму банк (ЕҚДБ) Тәжікстанға оның банк секторын реформалауға және қайта құрылымдауға 100 миллион доллар несие бөлу мәселесін қарастырып жатыр. Бірақ бұл қаражатты алатын ел бірнеше шартты орындауы тиіс.

Несие Тәжікстанның қиыншылыққа тап болған банк секторын нығайтуды көздейді. Елдегі ірі банктердің қаржы жағдайы 2014 жылдан бастап күрт нашарлап кетті, ал Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жақында жариялаған баяндамасында Тәжікстандағы екі банкті төлемге қабілетсіз деп таныды.

Елдегі Ұлттық банк "Точиксодиротбанк" пен "Точпромбанке" биыл мамыр айында уақытша әкімшілік енгізді. Елдегі тағы бір ірі банк - "Агроинвестбанк" қаржы тапшылығына тап болды. Мамандар аталған қаржы мекемесіндегі жағдайды "дағдарысқа жақын" деп бағалайды.

Тәжікстан билігі банк дағдарысына несие бөлуші мекемелер басшыларының дұрыс басқара алмауы себеп болды деп есептейді. Тәжікстанның қаржы министрі Абдусалом Курбониён банк басшылары қаражатты дұрыс пайдаланудың орнына, ғимарат құрылыстарын салумен айналысып кеткен деп мәлімдеді.

Үкімет дағдарыс басталған уақыттан-ақ бірқатар тәжік банктеріндегі мәселелерге халықаралық ұйымдардың назарын аударумен айналысты. Қаржы дағдарысы тәжік еңбек мигранттарының ақша аударымдарының күрт төмендеуіне әкеп соқтырған.

XS
SM
MD
LG