Ссылки доступа

Түркіменстан президенті Ұлттық қауіпсіздік министріне қатаң ескерту жасады


Сейсенбі, 4 қазанда Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов елдің қауіпсіздік кеңесінің жиналысын өткізді.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, кеңес отырысында Ұлттық қауіпсіздік министрі Доврангелды Байрамов «2016 жылдың тоғыз айында әлеуметтік-қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін нақты қолға алынған мақсаттардың орындалуы» тақырыбында есеп берген.

Алайда түркімен президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің министрлік жұмысына көңілі толмады. Д. Байрамовқа «қызметке қарайтын мекемелердің бақылау жұмысын әлсіреткені үшін, лауазымды міндетін лайықты атқармай отырғаны үшін» қатаң ескерту жасалды.

Мемлекет басшысы қысқа мерзім ішінде жіберген олқылықтарды түзеп, елде «жайлы қоғамдық-саяси ахуал қалыптастыруды» талап етті.

XS
SM
MD
LG