Ссылки доступа

VII-шақырылымдағы Ресей Мемлекеттік думасының алғашқы отырысы өтеді


Бүгін VII-шақырылымдағы Мемлекеттік думаға жаңадан сайланған депутаттардың алғашқы отырысы өтеді. Оны 86 жастағы ең қарт депутат, РФ Коммунистік партиясы фракциясының өкілі Жорес Алферов ашады. Депутаттардың алдында Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйлейді деп күтіледі.

Алғашқы отырыс ұйымдастыру жұмыстарына қатысты болмақ. Жаңа шақырылымдағы Мемлекеттік думаның төрағасы "Единая Россия" партиясының өкілі, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Вячеслав Володин болуға тиіс. Оның кандидатурасын Владимир Путиннің өзі ұсынған. Ол көпшіліктің дауыс беруі арқырылы сайланады (Мемдумада "Единая Россияның" 343 мандаты бар). Сонымен бірге бүгін депутаттар вице-спикерлікке, комитет басшылығына және оның орынбасарлығына ұсынылған кандидаттарға дауыс беретін болады.

Жаңа шақырылымдағы Мемлекеттік дума алдындағы басты міндеттердің бірі – бюджетті қайта құрылымдау. Алайда халықаралық жағдайдың күрделенуіне байланысты депутаттар таяу күндері бірінші Сириямен ресейлік авиатобын орналастыру жөніндегі ратификацияны және АҚШ-пен плутонийді (жасанды радиоактивті химиялық элемент) кәдеге асыру келісімін тоқтатуды қарайтын болады.

VII-шақырылымдағы Мемлекеттік думаға "Единая Россиядан" басқа РФ Коммунистік партиясы, ЛДПР, "Справедливая Россия" және бір мандатты округ бойынша жеңіске жеткен "Гражданская платформа" мен "Родина" партиясының өкілдері өтті.

XS
SM
MD
LG