Ссылки доступа

Ресей ядролық энергетикасы саласында АҚШ-пен әріптестігін тоқтатты


Ресей ядро және энергетика салаларында ғылыми зерттеу жүргізу мен дайындау туралы АҚШ-пен арадағы келісім қызметін тоқтатты. Бұл туралы ресейлік үкіметтің сайтында хабарланды.

Келісім 2013 жылы қабылданған болатын. Құжат екі елдің ядролық қауіпсіздік және инновациялық отын түрлерін дайындау салаларында әріптестік орнатуды көздеген. Құжаттың тоқтатылуын үкімет АҚШ-тың осы салаға қатысты әрекетімен түсіндірді.

2014 жылы сәуірде Вашингтон атом энергетикасы саласында "Росатом" мемлекеттік корпорациясымен жұмысты тоқтатты. Оған Украинаның шығысындағы жанжалға Ресейдің араласуы түрткі болды. Құрама Штаттардың Мемлекеттік департаменті Мәскеудің әріптестікті үзгеніне қынжылыс танытты.

Дүйсенбі күні Ресей АҚШ-пен плутоний пайдалану туралы келісім қызметін тоқтатты. Кремльдің мәлімдеуінше, Вашингтон артық плутоний материалының көзін жоймай, оны қайта әжетке асыру үшін сақтап отыр.

XS
SM
MD
LG