Ссылки доступа

Түркімен баспасөзі есірткі сатушы әншінің жазда ұсталғанын растады


Ашхабатта 4 қазанда Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің биыл атқарылған жұмыс қорытындысына арналған жиын өтті. Жиналыста түркімен президенті есірткімен күресті күшейтуді тапсырды.

Осы тапсырмадан соң телевизиялық жаңалықтарда түркімен полициясының есіркімен қалай күресіп жүргені туралы сюжет көрсетілді. Арнайы қызмет есірткі заттарын тасу және тарату жұмыстарын жүргізетіні хабарланды.

Елге есірткі кіргізуге талпынған екі кісіні, оны таратумен айналысқан тағы бір топ адамды көрсетті. Ұсталғандардың барлығы жасаған қылмыстарын мойындап, кешірім сұрады.

Осы сюжетте елдегі танымал әнші Назир Хабибовты да көрсетті. Әншінің қолға түскені туралы ақпарат жазда тараған еді, бірақ билік оның ұсталғанын енді ғана растап отыр.

XS
SM
MD
LG