Ссылки доступа

Өзбекстанда кәсіпкерлерді тексеруге тыйым салынды


Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев 5 қазанда «Кәсіпкерлікті тездетіп дамытуды қамтамасыз ету, жеке меншікті қорғау және бизнеске қолайлы жағдай қалыптастыру» жөнінде жарлыққа қол қойды.

Құжатта шағын және орта кәсіпке жағдай жасау мемлекеттік саясаттың тұрақты бағыты әрі мемлекеттік органдардың басты міндеті делінген.

Аталған жарлықпен кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарға қатысты барлық тексеру түрлері алынып тасталды. Сонымен бірге заңдарды бірінші рет бұзған немесе кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқан бизнес өкілі мемлекетке келтірген шығынды төлеген жағдайда, барлық қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Шавкат Мирзияев жыл соңына дейін коррупцияға қарсы заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

XS
SM
MD
LG