Ссылки доступа

Тәжікстанда адвокат Ёров 23 жылға, оның әріптесі Махкамов 21 жылға сотталды


Душанбе соты 6 қазанда Бузургмехр Ёровты 23 жылға, ал Нүриддин Махкамовты 21 жылға бас бостандықтарынан айырды. Сот шешімі бойынша, адвокаттардың екеуі де қатаң режимдегі колонияға түсті.

Мемлекеттік айыптаушы Рустам Такдирзода 19 қыркүйекте екі сотталушыны 25 және 23 жылға бас бостандықтарынан айыруын сұраған еді. Ол сотталушылардың кінәсі сот процесі барысында толық дәлелденді деп мәлімдеді.

Махкамов пен Ёров соңғы сөздерінде айыптардың барлығын жоққа шығарып, істің саяси астары барын айтты. Сот үкімі шығардан бұрын көптеген адам құқығын қорғаушы ұйымдар және адвокаттар, бұлармен қоса АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері мен Human Rights Watch ұйымы тәжік билігінен адвокаттарды тез арада босатуын талап етті.

Тәжікстан ІІМ мәліметі бойынша, Ёров "алаяқтық" және "жалған құжаттар жасау" қылмыстары бойынша ұсталды. Тергеу органдары өткен жылдың желтоқсанында Ёровты Қылмыстық кодекстің тағы бірнеше бабы бойынша айыптаған еді.

Еске салсақ, Еров тыйым салынған Тәжікстан ислам қайта өркендеу партиясының мүшелерін сотта қорғаған еді.

XS
SM
MD
LG