Ссылки доступа

Еуропадағы адам құқығын қорғаушылар саяси тұтқын Маматхановтың жағдайына алаңдайды


Еуропада тұратын өзбек адам құқығын қорғаушылар "Ганихон Маматхановты ұмытпаймыз" апталық науқанын өткізіп жатыр. "Жаслык" колониясынан төрт ай бұрын босап шығуы тиіс болған саяси тұтқынның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.

Маматхановты қорғау науқанын 3 қазанда халықаралық "Жалынды жүрек клубы" бастады.

Ұйым жетекшісі Мутабар Тәжібаеваның айтуынша, Маматханов сегіз жылға созылған түрме жазасынан соң биыл 4 маусымда бостандыққа шығуы керек болған.

"Бірақ содан бері төрт ай өтті, оның отбасы мен туыстары ол туралы ешқандай ақпарат ала алмай отыр", - деді ол.

Ганихон Маматханов 2008 жылы алаяқтық жасады деген айыппен ұсталды, сол жылы 9 қазанда ол төрт жыл бес айға сотталды.

Маматханов Өзбекстанда мақта теруге қолданылатын бала еңбегін қорғаумен айналысып келген.

XS
SM
MD
LG