Ссылки доступа

Сорос Путиннен Алепподағы әскери қылмыстарын доғаруды талап етті


"Ашық қоғам" қорының негізін қалаушы Джордж Сорос сириялық Алеппо қаласындағы "тарихи масштабтағы гуманитарлық апатқа" Ресейді кінәлады.

Соростың пікірінше, Алеппоның бейбіт тұрғындарының бомбаның астында қалуына президент Владимир Путин жауапты. Сириялық қаланы Башар Асад әскерінің шабуылдарын қолдайтын ресейлік ұшақтар бомбалап жатыр. Әскери қимылдардың нәтижесінде қалада ауруханалар жұмыс істемейді, ауыз су жетіспейді, делінген қаржыгер филантроптың мәлімдемесінде. Ол "Ашық қоғам" қорының сайтында жарияланды.

Джордж Сорос Ресей халқын және бүкіл әлемді үндемей қалмай, жағдайға қатысты ашу-ызасын ашық білдіруге шақырды, өйткені қоғамдық пікір қысымы Путинді адамзатқа қарсы қылмысын доғаруға мәжбүрлеуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG