Ресми ақпаратқа сәйкес, жаңа министрліктің қызметі "қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)" салаларын қамтиды. Мекеменің негізгі бағыттары "бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныс саласында тапсырыс қалыптастыру, орналастыру және орындау" деп көрсетілген.
Жаңадан құрылған министрлік құзыретіне қорғаныс министрлігінің, ұлттық экономика министрлігінің, ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бірқатар міндеттері көшірілді.