Ссылки доступа

HRW: Адвокаттардың қатаң үкім алуы - Тәжікстандағы сөз бостандығына ауыр соққы


Адам құқығын қорғаушы үш ұйым Душанбе қалалық сотының адвокаттарға қатысты үкімін "Тәжікстандағы тәуелсіз адвокаттық қызмет пен сөз бостандығына соққы" ретінде сипаттады.

Human Rights Watch, Норвегиялық Хельсинки Комитеті және Орталық Азиядағы адам құқығын қорғау қауымдастығы тәжік билігінен сотталған адвокаттарды тез арада босатуын, тәуелсіз адвокаттардың қызметіне кедергі келтірмеуін талап етті.

Аталған ұйымдардың бірлескен мәлімдемесінде атап өтілгендей, адвокаттар Бузургмехр Ёров пен Нүриддин Махкамовтың сотталуы - "Тәжікстандағы ойы еркіндігі шектелгенін" білдіреді. Душанбе соты бұл екеуін 23 және 21 жылға соттады.

2014 жылдан бері бұл елде бірнеше заңгер сотталды немесе қудалауға ұшырады. Бұл адвокаттар саяси астары бар қылмыстық істердегі күдіктілердің мүддесін қорғағаны үшін биліктің қысымына тап болды, делінген ұйымдардың бірлескен мәлімдемесінде.

Сотталған адвокаттардың қорғаушысы Муаззама Кодированың хабарлауынша, сот үкіміне кассациялық шағым түсірілетін болады. Оның айтуынша, қорғаушы тарап сот үкімінің дәл осындай қатаң болатынын күтпеген.

XS
SM
MD
LG