Ссылки доступа

Президент Бердымұхамедов Түркіменстанда гольф ойынын дамытқысы келеді


5 қазанда президент Гурбангулы Бердымұхамедов гольф саласында қызмет атқаратын америкалық "Никлаус Дизайн" компаниясының басшысымен кездесті, деп хабарлады жергілікті баспасөз.

Жүздесуде Ашхабад қаласында гольф корты құрылысын салу және болашақта спорттың осы түрінен жарыс ұйымдастыру мәселесі сөз болған.

Президент Гурбангулы Бердымұхамедовтың пікірінше, гольф ойыны -әлемдегі ең кең таралған спорт түрі, онымен кез келген жаста және жылдың барлық мезгілінде айналысуға болады. "Спорттың бұл түрі қозғалыс координациясы мен ойлау жүйесін дамытып, ағзаны шынықтырады", — деді түркімен басшысы.

XS
SM
MD
LG