Ссылки доступа

Ташкентте "Ислам-ата" мешіті ашылды (видео)


6 қазан күні таңертең "Ислам-ата" мешінің ашылу құрметіне орай Ташкенттегі Ферғана Йули көшесінің бойында тұрғындарға палау таратылды. Эхсан-палау жеуге мемлекет және дін қайраткерлері, танымал әртістер мен мешітке жақын маңдағы тұрғындар жиналды.

Еске сала кетейік, 1897 жылы ташкенттік генерал Жорабек тұрғызған бұл мешіт мемлекет қорғауындағы ескерткіштердің арнайы тізіміне ілінген, тарихи мешіттің атауы "Ислам-ата" деп өзгертілгенін әлеуметтік желі арқылы Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева хабарлады. Ол ЮНЕСКО-ның Өзбекстандағы тұрақты өкілі болып істейді.

XS
SM
MD
LG