Ссылки доступа

Милиция ғимаратын жарып жібергісі келген тәжік азаматы 13 жылға сотталды


Тәжікстандағы Куляб қалалық соты 29 жастағы азамат террорлық және экстремистік сипаттағы қылмыс жасады деп танып, оны 13 жылға соттады. Сотталушы Сайфиддин Салимов Куляб қаласының ішкі істер бөлімін жарып жібергісі келген.

Биыл наурыз айында ұсталған Сайфиддин Салимовке экстремистік топтың мүшесі болды және ұлттық, нәсілдік, дін араздығын туғызды деген айыптар тағылған.

Тергеу мәліметі бойынша, Салимов Түркиядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының лагерінде үш ай бойы дайындықтан өтіп, елге оралған соң Куляб милициясының ғимаратында теракт жасауды көздеген.

Оның туыстарының айтуынша, Салимов соңғы бірнеше жылда Ресейде еңбек мигранты болған, отбасын асыраған, бірақ елге келген бетте оны ұстап әкеткен.

Дегенмен Сайфиддин Салимовтың адвокаты сот шешіміне шағым түсірілмейтінін айтты.

XS
SM
MD
LG