Ссылки доступа

Сирияның солтүстігінде 38 содырдың көзі жойылды


Сирияның солтүстігінде соңғы бір тәулікте "Ислам мемлекеті" қарулы экстремистік тобының шамамен 38 мүшесі өлтірілді.

Түркиядағы әскери дереккөздердің мәліметі бойынша, Сирияның солтүстігінде атыс күшейді, Түркия қолдау көрсеткен сириялық бүлікшілер содырларға қарсы соғысып жатыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, түрік танктері мен әуе күштерінің көмегіне сүйенген бүлікшілер содырлар бақылауындағы Дабик қаласына қарай беттеді. Сирияның Түркиямен шекаралас жатқан солтүстік аудандарындағы "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы әскери операция биыл тамыз айында басталды.

XS
SM
MD
LG