Ссылки доступа

Қырғыздың қорғаныс мекемесінің жүргізушісі қылмыстық топтарға қару-жарақ сатқаны үшін ұсталды


Қырғыз полициясы Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Марат Кенжесариевтің көлік жүргізушісінің заңсыз қару сату ісін тексере бастады.

Комитеттің баспасөз хатшысы Майрамбек Мусиев жүргізушінің ұсталғанын растады. "Тергеу жүріп жатыр, сол себепті онің есімі мен істің басқа да жай-жапсарын ашып айта алмаймыз", - деді ол.

ІІМ баспасөз қызметі де толық ақпаратты кейінірек таратуға уәде берді.

Өткен аптада күдікті үш Калашников автоматын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сатып жүргенде ұсталды. Қарудың әскери бөлімдердің бірінікі екені хабарланды. Күдіктінің үйін тінту барысында басқа да заңсыз сақталған заттар табылды.

XS
SM
MD
LG