Ссылки доступа

Қазақстанда Баспана құрылысына кепілдік қоры құрылды


Қазақстандық "Бәйтерек" мемлекеттік холдингі үлескерлерге тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауға кепілдік беретін механизмдер бүгіннен бастап іске қосылғанын жариялады.

Холдинг мәліметі бойынша, бұл қор құрылыс компаниясының "жаңа заң талаптарына сәкестігін" тексеретін болады. Барлық талаптарға сай болса, қор құрылыс және басқа да мүдделі компаниялармен кепілдік беру жөніндегі келісімге отырады.

Кейін ол қор тәуелсіз инжиниринг компаниясы арқылы үлескер қаражатының өз мақсатымен жұмсалғанын және үйдің сапасын қадағалап отырады, делінген "Бәйтерек" холдингінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қор өкілдерінің айтуынша, осындай механизмдердің іске қосылуы құрылыс саласының ашықтығын арттырады. Қорға өтініш жасау ашық деп жарияланды.

XS
SM
MD
LG