Ссылки доступа

Жапондар Клинтон мен Трампқа гамбургер дәмінің көмегімен дауыс береді


Токиода АҚШ президенттігіне негізгі үміткерлер - Хиллари Клинтон мен Дональд Трамптың үздігін анықтайтын ерекше акция өтіп жатыр.

Токиодағы кафе қожайындары "Трамп" және "Клинтон" бургерлерін президенттіктен үміткерлердің туған қалалары - Нью-Йорк пен Чикаго рецептері бойынша дайындады. "Трамп" - қара наннан жасалған: бұл саясаткердің "қара" ниетін білдіреді, оған "орыс" тұздығы қосылған. "Клинтон" көкнәр қосылған тоқаштан, сиыр етінен дайындалған сосискадан әзірленген.

Гамбургер жеп болған соң қонақтар тағамның дәміне қарай Клинтонға немесе Трампқа дауыс береді.

XS
SM
MD
LG