Ссылки доступа

Тәжікстанда аңшылық маусымы басталды


Тәжікстан үкіметі сирек кездесетін жануарларға аңшылық квотасын биыл 1 миллион доллар көлемінде бекітті. Тізімде – 85 бас "Марко Поло" памир арқары, сегіз бас бұрама мүйізді ешкі және үш бас тау қошқары бар.

"Марко Поло" арқарын аулау үшін шетелдік аңшы 45 мың сомони, ал бұрама мүйізді ешкіге – 223 мың сомони төлеуі керек.

Квоталарды Тәжікстанға туристер тартумен айналысатын компаниялар сатып алады. Өткен аңшылық маусымында шетелдіктер 6 бұрама мүйізді ешкі және 67 "Марко Поло" арқарын аулауға рұқсат алған.

Жыл сайын сирек кездесетін жануарларды аулаудан ел бюджетіне 5 миллион сомони түседі. Екі жыл бұрын "Марко Поло" арқарын аулаудан түскен 2 миллион сомони Рогун ГЭС-інің құрылысы есебіне аударылды. Бір аңшылық маусымынан түскен қаражатпен елдегі 13 мың мұғалімнің жалақысын жабуға болады.

Аңшылық маусымы Тәжікстанда күзде басталып, қыстың ортасына дейін жалғасады. Көктем мен жазда аңшылыққа рұқсат етілмейді, өйткені осы уақытта жануарлар төлдейді.

XS
SM
MD
LG