Ссылки доступа

Назарбаев Иордания короліне сыйлық тағайындады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялауынша, өзі тағайындаған "ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін" сыйлығына Иордания королі Абдалла II ие болды, деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері.

Бұл туралы Назарбаев өзінің резиденциясында шетелдік елшілерге сенім грамотасын тапсыру рәсімі кезінде жария етті.

"Ядролық қарусыз әлем құруға үлес қосқан адамдар үшін арнайы сыйлық тағайындау қажет деп шештім", - деді Назарбаев.

"Қазақпарат" агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан президенті осы сыйлық иегерлерін анықтайтын комиссия құрылатынын және арнайы сыйлық жыл сайын 29 тамызда - Семей ядролық полигоны жабылған күні табыс етілетінін айтты.

Алғашқы сыйлық биыл қараша айында Астанада өтетін ірі саммитте табыс етілуі мүмкін, деп хабарлады БАҚ.

XS
SM
MD
LG