Ссылки доступа

Тәшкент зообағына Алатау есімді керік келді


Тәшкенттің жануарлар бағында бірінші рет керік пайда болды.

Жануарлар бағының ресми сайтында хабарланғандай, керік Алматы зообағынан әкелінген.

"Алматы жануарлар бағы достықтың белгісі ретінде өздерінің үш жастағы керігін сыйға тартты. Оған Алатау деген ат дауыс беру нәтижесінде қойылды. Алатаудың әке-шешесі Хан мен Грация және Сұлу есімді тағы бір керік 2003 жылы Оңтүстік Африка республикасынан әкелінген. Осы жылдар аралығында олардың 12 баласы дүниеге келген. Алатау жолды жақсы көтерді, көкөніс, жеміс-жидек, қарағашқа деген тәбеті жақсы. Оны қазір Шахзода есімді қызметкер күтуде", – деп жазылған Өзбекстан жануарлар бағының ресми сайтында.

XS
SM
MD
LG