Ссылки доступа

Әлемнің ең беделді 500 мұсылманы тізіміне Түркіменстан мен Тәжікстан басшылары енді


Джорджтаундағы мұсылман-христиан өзара қарым-қатынас орталығының қолдауымен Аммана стратегиялық зерттеу королдік ислам орталығы кезекті «The Muslim 500-2017» - әлемнің ең беделді 500 мұсылманның тізімін жариялады. Бұл жөніндегі жергілікті түркімен БАҚ хабарлайды.

Рейтингке беделді мұсылман ғалымдар, саясаткерлер, діни қызметкерлер, рухани ұстаздар, кәсіпкерлер, қайырымдылық жасаушылар, өнер және мәдениет адамдары, спортшылар мен Құранның хафиздары кірген.

Тізім басында «Әл-Азхар» египет университетінің имамы шейх Ахмад Мұхаммед әл-Тайыб тұр. Одан кейін Иордания мен Марокко королі Абдулла II ибн әл-Хусейн мен Мұхаммед IV, Түркия президенті Режеп Тыйып Эрдоған және Иранның рухани лидері аятолла Сайид Әли Хаменеи есімдері аталған.

Әлемнің ең беделді 500 мұсылманының тізімінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердымухаммедов және Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтар бар. Сонымен бірге тізімде Өзбекстан мүфтиі Усман Алимов, Тәжікстанның Үлемдер кеңесінің басшысы Сайидмукаррам Абдулкодирзоданың және Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлде иегері Дильшод Назаров (Тәжікстан) бар.

Стратегиялық зерттеу королдік ислам орталығы 2009 жылдан бері әлемнің ең беделді мұсылмандарының тізімін жасап келеді. Тәжікстан президенті бұл тізімге үшінші рет, ал Түркіменстан президенті екінші рет кіріп отыр.

XS
SM
MD
LG