Ссылки доступа

Атамбаев: Қырғыздарда дағдарысқа қарсы тұру иммунитеті пайда болды


Қиындықтар қырғызстандықтарды шынықтырды, соның нәтижесінде бізде кез келген дағдарысқа төтеп беретін иммунитет пайда болды. Бұл - қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың мемлекеттік сыйлық иегерлерін марапаттау салтанатында сөйлеген сөзі.

"Жақында шетелдік интернет-сайттардың бірінен қызықты мақала оқыдым. Онда газы мен мұнайы жоқ, тек өз күшіне ғана сенген қырғыздар - тұтас мемлекет, оның жекелеген азаматтары да дербес даму жолын таба білді деп жазылған. Сол себепті қырғыздар дағдарыстан қорықпайды, ал мұнай-газ ресурсының есебімен ғана өмір сүретін мемлекеттер әлемдік дағдарысқа дайын болмай шықты. Күні кеше ғана Қырғызстанды болашақсыз, жетілмеген ел ретінде бағалағандар бүгінгі таңда экономикалық дағдарыстың кімнің кім екенін, қандай қабілеті барын анықтап бергенін мойындауға мәжбүр болды", - деді Атамбаев.

Президенттің пікірінше, ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен Қырғызстан жылдан жылға нығайып, ай өткен сайын аяғынан тік тұрып келеді.

Биыл мемлекеттік сыйлыққа 252 қырғызстандық ие болды. Атамбаев оларға 10 мың, ал атақты қайтыс болғаннан кейін алған қайраткерлердің отбасыларына 20 мың сомнан табыс етті.

XS
SM
MD
LG