Ссылки доступа

Ресей Алеппо қаласын бомбалауын қайта жалғастырды


Ресейлік әуе күштері сириялық Алеппо қаласының бүлікшілер бақылауындағы шығыс аудандарын тағы да бомбалай бастады.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметі бойынша, қаладағы Бустан әл Каср және Фардос аудандарында кем дегенде сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты. Қаланың осы бөлігінде кем дегенде 250 мың адам ешқайда шыға алмай отыр.

"Сирия билігі әуе соққыларын азайтуға уәде бергелі бері бірнеше күн тыныш болды, бірақ ресейлік әуе соққылары қайтадан күшейді", - деді Syrian Observatory for Human Rights ұйымының басшысы Рами Абдель Рахман. 5 қазанда сириялық әскер Алеппоның шығысында әуе соққыларын азайтатынын мәлімдеп, бейбіт тұрғындарды бүлікшілерден алшақ жүруге шақырған еді.

Ұйым мәліметі бойынша, сириялық әскердің Ресей қолдауымен Алеппо қаласына шабуылы басталғалы бері соғыс ошағында кем дегенде 290 адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG