Ссылки доступа

Қырғыз Конституциялық палатасы Ата заңды өзгертуден қайшылық көрмейді


Қырғызстанның Жоғарғы сотының Конституциялық палатасы елдің Ата заңына өзгерістер енгізуге байланысты қорытындысын жариялады. 11 қазанда шығарылған шешімге сәйкес, 11 судьяның оны Конституцияны өзгертуді қолдап дауыс берсе, біреуі қалыс қалған.

Конституциялық палата құжатты үш аспекті – адам бостандығы мен фундаментальды құқығы және зайырлы мемлекет ретінде демократиялық қағидалардың сақталуы тәртіптері бойынша қараған. Қорытындыға сәйкес, үш аспекті бойынша да кереғарлық анықталмаған.

2016 жылдың 29 қыркүйегінде Жогорку Кенеш депутаттары бірінші оқылымда «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі» заңға сәйкес «Референдум күнін белгілеу» жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатты депутат жақтап дауыс берсе, 11-і қарсы болған.

Аталған заң жобасын парламенттің басым бөлігін құрайтын Социал демократиялық партия фракциясы ұсынған. Құжатқа сәйкес референдум күні 2016 жылдың 11 желтоқсанында белгіленген.

Қырғызстанның бірқатар азаматтық белсенділері мен оппозициясы Конституцияға өзгерістер енгізуге қарсылық білдіруде.

XS
SM
MD
LG