Ссылки доступа

Македонияда үкіметке қарсы мыңдаған адам ереуілге шықты


Македонияның мыңдаған тұрғыны парламент сайлауы алдында үкіметке қарсы наразылық білдірді.

Македонияның оппозициялық Социал-демократиялық одағы партиясы ұйымдастырған митинг 11 қазанда Скопьеде өтті. Митингте сөз сөйлеген оппозиция лидері Зоран Заев мақсаттары қазіргі режимді құлатып, халықтың еркіндігін қайтару деді. Ол халықтың қаруы — сайлаудағы дауысы деп атап өтті.

Македонияда саяси дағдарыс 2015 жылдың ақпан айынан бері ондаған мың адамның телефон әңгімелері тыңдалғандығы жарияланғаннан бері жалғасып келеді. Бұл жанжалға қатысы бар деп елдің бұрынғы премьер-министрі Николой Груевски жетекшілік ететін Македония ұлтының бірлігі демократиялық партиясы айыпталады.

Өткен айда Македониядағы партиялардың лидерлері 11 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өткізуге келіскен. Бұл келісімге партия лидерлері аясындағы елдегі дағдарысты реттеуге байланысты келіссөздерден кейін қол жеткізген. Сайлауды өткізу мерзімі екі рет кейінге шегерілді.

XS
SM
MD
LG