Ссылки доступа

Өзбекстан парламенті Мирзияевтың рақымшылық туралы ұсынысын бекітті


Өзбекстан парламенті 8 желтоқсан - Конституция күніне орай тұтқындарға рақымшылық жариялау туралы заң жобасын бекітті. Осындай ұсынысты президент қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев жасаған еді.

Заң жобасы күшіне ену үшін оны парламент сенаты мақұлдауы тиіс. Рақымшылыққа қылмыс жасаған уақытта 18 жасқа толмаған қыздар, 60 жастан асқан ер кісілер, шетел азаматтары және мүгедектер ілігеді.

Түрмеден нақты қанша адам босап шығатыны әзірге белгісіз. Бұл рақымшылық 2 қыркүйекте президент Ислам Кәрімов қайтыс болғалы бері алғаш рет жарияланып отыр.

Өзбекстанда бұған дейінгі рақымшылықтар Конституция күні қарсаңында жарияланған еді.

XS
SM
MD
LG