Ссылки доступа

БҰҰ тәжік адвокаттарының сотталуына алаңдайды


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Орталық Азиядағы кеңсесі 12 қазанда мәлімдеме жариялап, тәжік адвокаттары Бузургмехр Ёров пен Нүриддин Махкамовтардың ұзақ мерзімдерге сотталуына алаңдаушылық білдірді.

Мәлімдемеде адвокаттарға қатысты соттың жабық өткеніне ерекше назар аударылған.

"Бұл екеуіне де бірдей айып тағылды. Оның үстіне сотталған адвокаттар 5 жыл адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айрылды", - делінген мәлімдемеде.

Мәлімдеме авторларының пікірінше, сот үкімі адвокаттардың кәсіби қызметіне тікелей қатысы бар, оларды тыйым салынған Тәжікстан ислам қайта өркендеу партиясына құқықтық көмек көрсеткені үшін "жазалап" отыр.

Душанбе соты Ёров пен Махкамовты 23 және 21 жылға соттады. Адвокаттар тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG