Ссылки доступа

Керри мен Лавров 15 қазанда Сирия бойынша келіссөз жүргізеді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 15 қазанда швейцариялық Лозаннада кездесіп, Сирия жөнінде келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы РФ СІМ хабарлады.

Хабарлама бойынша, кездесуде сириялық жанжалды реттеуге қатысты қосымша әрекеттер талқыланады.

Бұған дейін Си-эн-эн телеарнасына сұхбат берген Лавров кездесуге Иран, Түрция, Сауд Арабиясы және Катар қатысады деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG