Ссылки доступа

Қырымдағы сайлауды мойындамаған Еуропарламент санкцияларды ұзартуға шақырды


Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) 18 қыркүйекте ресейлік Мемлекеттік думасын сайлаудың аннексияланған Қырым аумағында да өткенін сынады.

Сәрсенбі күні қабылданған қарарда осы сайлаулардың өткізілуі халықаралық құқықты өрескел бұзатындығы және Думаға сайланғандардың легитимдігі күдік туғызатындығы айтылды. Қарар "Ресейдің Украинаға агрессиясының саяси зардаптары" деп аталады.

Қарарға украиналық делегацияның Ресейге салынған санкциялар мерзімін ұзарту туралы ұсыныстары да енді. Киев ел тұтастығы толық қалпына келмейінше, Ресейді санкцияның қыспағында ұстаған жөн деп есептейді.

Бұған қоса Парламенттік ассамблея Қырымдағы және өзін тәуелсіз деп жариялаған ДХР және ЛХР аймақтарында адам құқығының сақталуына арналған тағы бір қарар қабылдады. Бұл аумақтардағы адам құқығы сақталуының жауапкершілігі Ресейдің мойнына жүктеледі, өйткені бұл ел осы аймақтарға бақылау жүргізіп отыр, делінген қарарда. Қарарда қырым татарларының құқықтары мен бостандықтарын сақтау керектігіне ерекше назар аударылған.

XS
SM
MD
LG