Ссылки доступа

БҰҰ Қырғызстандағы құқық қорғаушылардың жағдайына алаңдайды


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары құқық қорғаушыларға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан негативті арыздардың көбейіп кеткеніне алаңдайды. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде айтылғандай, Таяуда ЕҚЫҰ-ның Варшавадағы отырысына қатысқаны үшін екі танымал құқық қорғаушы сынның астында. Онда сонымен бірге Қадыржан Батыров та қатысқан. Парламент депутаттары құқық қорғаушыларды сынап, олардың істеріне ресми баға берілуін талап еткен.

БҰҰ таратқан мәлімдемеде 2015 жылдан бері құқық қорғаушылар билік тарапынан нысанаға алынғанын, тіптен олардың Оштағы жұмыс кеңсесі мен үйлеріне де тінту жасалғаны айтылады. Жалал-Абадта да құқық қорғаушыларды «халық жауы» және «сатқын» деп атаған.

«1994 жылы ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пактіге сәйкес Қырғызстан билігі құқық қорғаушылардың еркін пікірін білдіру, бейбіт жиналу құқықтарын қорғауға тиіс», - деп еске салады БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілі Ришард Коменда.

Коменда сонымен бірге Қырғызстанның 2015 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының құқық қорғаушылардың рөлі жөніндегі резолюциясына дауыс берген аймақтардағы жалғыз ел екенін еске салды.

XS
SM
MD
LG