Ссылки доступа

Тәжікстанда әкелікті ДНК-анализі арқылы тексеретін болды (видео)


Тәжікстанда соңғы уақытта ер азаматтар балаларының шын әкесі екенін айғақтайтын ДНК-анализ өткізуді жиілеткен. Жыл басынан бері ел астанасында 40 ер азамат баланың әкесі екенін анықтау үшін тестен өткен. Мұндай тексерудің құны 3500 сомони (шамамен 445 доллар).

ДНК-анализ құралы Генетикалық сараптама ұлттық орталығында орналасқан. Мұнда көбінде ер азаматтар келеді екен. Олардың ішінде айлап, жылдап көрші елдерде жұмыс істейтін еңбек мигранттары да бар. Олар өздері елде болмағанда дүниеге келген сәбилерінің шын әкесі екеніне сенімді болғылары келеді.

Орталықта жұмыс істейтін лаборант-генетик Зубайда Кавракова ДНК-анализ нәтижесі көбінде оң болып жатады дейді. Яғни тексеруден өткен әке баланың шын әкесі болады.

Сарапшылар шетелде жүрген еңбек мигранттары Тәжікстанның мыңдаған адамдарының жағдайын жақсартуға септігін тигізді дейді. Бірақ мұның теріс көрсеткіші де бар. Ажырасу өскен, қызғаныштың салдарынан тұрмыстық қылмыс көбейген.

XS
SM
MD
LG