Ссылки доступа

Тінту кезінде ұсталған қырым татарлары терроризммен айыпталды


Тінту кезінде ұсталған бес қырым татарына террористік топтың мүшелері деген айып тағылды.

"Крым.Реалии" сайтына сұхбат берген адвокат Эмиль Курбединов Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Меккеден қажылықтан оралған қырым татарларының үйіне тінту жүргізгенін, енді оларға "Хизб-ут Тахрир" экстремистік ұйымының мүшелері ретінде айып тағып отырғанын айтады.

2014 жылы Қырым Ресей тарапынан аннексияланғаннан кейін қырым татар белсенділері мен Межлис мүшелерін жаппай қудалау басталды. Украинаның сыртқы істер министрлігі азаматтарының қуғындалып жатқанына Ресейді кінәлайды.

XS
SM
MD
LG