Ссылки доступа

Путин Сирия жөнінде Ресейге тағылған айыпты «саяси риторика» деп атады


РФ президенті Владимир Путин Ресей Сирияның Алеппо қаласында үкіметтің әскеріне қолдау білдіріп, әскери қылмыс жасап жатыр деген айыпты «саяси риторика» деп атады.

Сәрсенбі күні, 12 қазанда ол бұл мәлімдемелер «шын мәнінде Сирияда не болып жатқанын есепке алмайды» деді. Путин TF1 франсуз телеканалының журналисіне:«Сириядағы жағдайға ең бірінші батыс әріптестері, оның ішінді бірінші Құрама Штаттар жауапты екеніне сенімдімін» деді.

Ресей лидері сонымен бірге Мәскеу Сирияда Алеппода бейбіт азаматтар ретінде тығылып жүрген «террористермен» күрес жүргізіп жатқанын айтты.

Путин Франция Мәскеуді БҰҰ-ның Сирия жөніндегі резолюциясына вето қоюға мәжбүрледі дейді. Оның ойынша, Париж Вашингтонның нұсқауымен жұмыс істеді. Өткен аптада Ресей Францияның Сирия жөнінде әзірлеген резолюциясының жобасына «Ресейдің ұсыныстары ескерілмеген» деп вето қойды.

Батыс елдерінің үкіметі Мәскеудің ветосы Сириядағы соғыстың аяқталуына мүдделі емес екенін көрсетеді деп мәлімдеді. Апта басында Путин Франция президенті Франсуа Олланд Ресейдің Сириядағы әрекетін сынға алғаннан кейін Париж сапарынан бас тартты.

XS
SM
MD
LG