Оған шамамен 30 адам жиналды. Бір жыл бұрын полиция қызметкерлері мен көші-қон қызметі миграциялық тәртіпті бұзған әйелдің бес айлық баласын тартып алып, ол бала кейін ауруханада белгісіз себептермен көз жұмды.
Шеруде депутат Борис Вишневский сөз сөйледі. Ол Умарәлінің ісіне қатысты прокуратураға, тергеу комитететіне, қалалық әкімшілікке өтініш жазған. Бірақ оның шағымдары үнемі жауапсыз қалып келді.
Ана мен бала құқығының аяққа тапталғанын айтқан депутат бұл оқиғаның осы тәріздес басқа да қылмыстық істерге үлгі болмас үшін әдейі жауап тасталғанын мәлімдеді.
Умарәлінің ата-анасы қайтадан сараптама өткізуді талап етіп, Страсбург сотына дейін шағымдануды көздеп отыр.